Қайта бүр жарған үштөбе бағы
События: Праздник осени
Тип работ: Внеклассная работа
«Қайта бүр жарған Үштөбе бағы» /мерекелік қойылым/
Таныстыру
/Жемістер сахнаға шығып отырады.Қарақшы тұрады.Музыка ойнайды,жемістер сахнаға шығады./
Жаннұр:-Армысыздар,алтын күз думанына асығып келген Үштөбеліктер!
Мадина:-Бармысыздар,бақтары жеміс берген ағайындар!
Бибінұр:-Күз халқының ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз бүгінгі күз мейрамын
Алтын күз құтты болсын мерекесі.
Балжан:-Құрметті қонақтар таныстыруымызды бастамас бұрын халық неліктен күзді «алтын күз» дейді,неге «алтын жаз»,неге «алтын көктем» емес а-?
Балжан:Неге ойландық?
Мадина:Жауабын біз айтамыз.
Жаннұр:Күз маусымынының алғашқы айы-қыркүйек.Ол ерлік пен еңбек айларының бірі.Қойма алтын астыққа толы болады.
Бибінұр:-Күзге таман жер дүние сап сары түске боялып,айнала сары алтын түске енді.Сондықтан күзді «Алтын күз» деп атады.
Мадина:Күз маусымының екінші айы қазан.Бұл ай жиын терін аяқталатын,диқандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы,берекесін қуаныштайтын мереке айы.
Балжан:Күз маусымының үшінші айы қазақ халқы қараша дейді.Қараша десе дегендей айнала қоңырқай тартады.
Жемістер отыра қалады. Сахнаға бағбан шақырады.
Балнұр:Сәлем өрен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар
Қызығына қаныңдар
Молайтыңдар шаттықты,
Ән айтындар бақытты
Сентябрь-қыркүйек
Көкеніс жүрміз тиеп.
Октябрь-қазан
Дала тозаң
Ноябрь-қараша
Ақ-қара алаша,
Жиын терін болатын
Қамбаға астық толатын, қай мезгіл деп ойлайсың?
Көкеністер орындарынан тұрады
Барлығы:Күз
Бағбан талып қалады.
Бибінұр:Көзің тоймас қарасан да
Кұз деген бір жақсы уақыт
Ойда, қырда таудың іші
Бір молшылық жатқан шалқып.
Мадина:Алтын күз деп,
Біз айтамыз сол үшін де
Сары алтындай сары қауын,
Көп піскен соң бау ішінде.
Жаннұр:Жаңа піскен алма баққа,
Көзің тоймас қарасанлда.
Қараңдаршы, сары алтындай,
Жапырақты қайың талға.
Мұны көріп,күзді қалай,
Теңемейсін сары алтынға.
Бибінұр:Күз дегеніміз-бейнелеп айтар болсақ,жарира даланың дархан дастарханы.
Балжан:Кұз дегеніміз-байлық,молшылық,қауырт еңбек кезеңі.
Балнұр:Олай дейтін себебіміз,күз дегенің,шөп астық көкеніс,жеміс жидектер піседі.Күзде қысқа қамдану басталады,сондықтан адамда жануарларда да құстарда да қысқа әзірлік жасайды.
Бәрі:Дәнге толды қызыл қырман,
Қырман басы қызық думан.
Мөлдіретіп жүзімдерін
Келді алтын күзім менің
Молшылық күз мереке күз
Береке күз-мерекеміз.
Ән:Қызыл өрік:қызыл өрік төгілгендеі
Капусталар өрілгендей
Ұштебенің бақтарынан
Көкеністер көрінгендей
Көкеністер көкеністер
Үштебенін көркі кірер
Көкеністер көкеністер
Сатып алмай өсіріңдер
Қызыл алма қызыл қанждай
Жесең болды,дәмі балдай
Жемістерді көрген кезде
Көңіл шіркін бұзылғандай.
Балнұр.Біз «Қайта бүр жарған Үштөбе бағы» деп атаған себебіміз:
Мадина:Халыққа үндеу тастағымыз келеді.
Балжан:Ол қандай үндеу
Жаннұр:Дүкеннен қымбатқа сатып алғанша,қаладан өсіріп,еңбектің,наны тәтті демекші еңбекпен өсірген көкеністің дәмі де тәтті болмақ.
Ән.Қызыл гүлім-ай әуенімен
Көкеністер күн нұрынан сәуле алсың
Жадыратып тұрасың бақ арасын.
Жасыра ламай дәмінді түрің сенің
Көкеністер қол жетпейтін сен ғанасың
Қ-сы
Көкністер-ай,қызықтырдың-ай
Жапрақтарың-ай,гүлденеді-ай
Сенің дәміңе әрқашан таңданамын
Жуытпаймын жаныңа мал баоласын
Үштөбенің бағынан ем іздеген
Мен іздеген жемістер сен ғанасың
Қ-сы
Қызыл алмам-ай,қызықтырдың ай
Жапрақтарың-ай,гүлденеді-ай
Бибінұр:Күз де келді ауа рай салқындап,
Жапырақтар үшып жатыр қалтылдап.
Жердің беті сары кілем секілді
Шашу шашып жатқандай ақ алтын бақ
Балжан:Жылы жаққа қаздар қайтты қаңқылдап
Қала жатыр,дала жатыр ән тыңдап.
Мадина:Алтын астық силар елге «Алтың күз» бау-бақшаны бояп жатыр алтындап.
Жаннұр:Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды.
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.
Балнұр:Жаздай күткен бәріміз
Сары алтын дай сары кұз.
Алтын ұя мектепке
Сабақ бастар шағымыз.
Бибінұр:Ақтарады мырза кұз
Уылжыған жемісі
Күнге біз де ризамыз
Аянбаған ел үшін
Жаннұр:Уақыт,еңбек тірліксіз
Бақыт келмес бірліксіз
Талмай еңбек етіңдер қыстан аман өтіңдер.
Музыка ойнайды.Сосын Карзинаға отырып кетеді.
Көрініс:Мақта қыз (ертегі)
Бибінұр:ерте ерте ертеде Мақта қыз болыпты.Ол бір күні картортоп қазып жүріп алма тауып алады.
Бибінұр:-Ей мақта қыз картоп суғарасың
Балнұр:-А
Бибінұр: Картоп суғарасың
-Мақта қыз алма тауып алады.Мақта қыз алма тауып аласың.
Мысықты шақырасың
Балнұр:Мысығым мысығым алма тауып алдым
Бибінұр: Мақта қыз алманы жеп қоясың.
-Жеп қоясың дедім ғой
Балнұр:Мен оны қалай жеймін жерден тауып алдым ғой.
Бибінұр:Же дедім ғой
Бибінұр:Сол кезде Мақтақызға мысық келеді.
Бибінұр:Мысық сен шығасың,ей мысық шықсаңшы ей
Мысық:Мақта қыз не болды-ей?
Балнұр:Мен сенің алмаңды жеп қойдым.
Мысық:Не?
Бибінұр:Мысық сен Мақта қыздың борщын төгіп тастайсың.
Жаннұр:Ал қайтесің борьщынды төгіп тастадың
Бибінұр: Құрметті көрермендер, біздің сценарий бойынша, Мақта қыз мысықтың Құйрығын емес мұртын жұлып алады.
Балнұр:Мұртыңды кесіп алдым.
Жаннұр:бер деймін
Балнұр:Мысық сен борьщымды төлеп бер.
Жаннұр:енді қайттым,ескі таныстарымнан кім бар еді? Еееее тептым таптым алтын балыққа барайын Мақта қызға жалынбай құйрық сұрап алайын.
Бибінұр:Мысық балықшыға келеді
Жаннұр:Балықшы балықшы сен алтын балықты ұстап жеп қойған жоқсын ба? Көрінбейді ғой?
Балықшы:Көрген жоқпын талайдан бері
Бибінұр:мысық балықты іздеп үйіне барады.
Жаннұр:Алтын балық алтын балық маған құйрық төлеп берші
Алтын балық:Мен қәзір жұмста жоқпын
Жаннұр:Неге?
Алтын балық:Надоел уже кредит жауып,содан жұмстан шығып кеттім.
Жаннұр:Енді қайттім,қайтадан Мақта қызға баратын болдым ғой
Бибінұр:Мақта қыз мақта қыз сен дұрыстап ойлан мысық қайтып келеді.
Балнұр:Неге сендер Мақта қыз мұндай мақта, қыз андай. Ойнамаймын болды.
Бибінұр: Мысық келіп:
Жаннұр: Мақта қыз аяғына дейін ойнашы мен әйтпесе мұртсыз қалам ба?
Ән ойнайды:
Жаннұр:Сен жыладың мақта қыз,
Көп көрдім деп жемістің тапшылығын ,
Қайтпады деп авторға өткен жақсылығым.
Сен жыладың бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз боп қалдым деп,
Жә, жә жарар төгілген борщ оралар ма?
Қарау керек мақта қыз саған алға.
Басыңдағы бантик пе, орамал ма?
Көтер қане басыңды қалай бұның,
Өтті емес пе борщқа талай күнің
Көтер қане басыңды Тұр қане кел бері, Ой жыласайшы м-м деп,
Кім айтты саға бұл өмірде борщ жоқ деп.
Көкеніс деген Қазына
Күшің жетіп қаза алсаң.
Төгілген борщ оралмас
Күтіп қанша сарылсаңда,
Бақша деген торда бар
Шыға алмассың қамалсаң.
Жеміс-жидек өлшеусіз.
Найза да болып қамалсаң,
Осының бәріне төзгенсің
Борщ үшін жаралғансың.
Осы ертегіден түйгеніміз:
Жаннұр: Жылай бермей құр босқа,
Кіріс өзің жұмысқа .
Балжан: Жоқ нәрсені сұрамай,
Алтын балыққа жыламай,
Мадина: Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
Балнұр: Үштөбенің жері кең,
Суы мөлдір шипалы,
Бибінұр: Жерді қоршап, бақша ек
Жеміс- жидек пайдалы
Жаннұр: Картоп, сәбіз, қызанақ
Қияр менен орамжапырақ
Мадина: Бәрі өсіп шығады
Бақшаңызға толады
Балжан: Арам шөбін жұлсаңыз,
Сиыр қойдан қорысаңыз
Бибінұр: Сатып алмай сіз онда,
Қарызға да кірмейсіз.
Балнұр: Еламанның саудасын,
Босқа барып көрмейсіз.
Мадина: Бақшаңыздан өзіңіз,
Бәрін жинап аласыз
Жаннұр: Салат жауып көбірек,
Қыста рахат табасыз.
Балжан: Балаларға қалаға,
Базарлыққа жіберіп,
Бибінұр: Одан қалса артылып,
«Домашний»-деп сатасыз.
Балнұр: Артық айтпай не керек,
Бақша егетін апайлар.
Дәл осылай етеді.
Мадина: Айгүл апай, Ләйлә апай
Салатшылар біздегі.
Жаннұр: Осы айтқандар ұнаса,
Сіз де солай етіңіз.
Балнұр: Гүлдендіріп ауылды,
Көркейтіңіз, көріңіз.
Бибінұр; Алтын күз бен жәрмеңкеге
Жылда тойлап жетіңіз.
Хор: Еңбек түбі- береке,
Еңбек түбі-мереке
Комментарии (0)
Похожие мастерклассы
-
Поделки в детский сад. Хозяйка осени (просмотров: 9531, комментариев: 5) Наиля Сатаева
Поделки для девочек -
топиарий Лесной (просмотров: 4014, комментариев: 3)
-
Цветы из бумаги (просмотров: 3779, комментариев: 2) Екатерина Александрова
-
Осенний этюд (просмотров: 1726, комментариев: 0) olg.sedina
Мастер-класс, Украшение -
Осенний лес (просмотров: 2435, комментариев: 0)
Внеклассная работа -
Ваза с осенними листьями (просмотров: 2727, комментариев: 0)
-
Осенняя пора, очей очарованье (просмотров: 2841, комментариев: 0) Татьяна Белашова
Картина -
Хризантемы в вазе (просмотров: 2807, комментариев: 0)
Мастер-класс -
Книжка малышка "Дары осени" . Мастер класс с пошаговым фото. (просмотров: 10224, комментариев: 1)
-
Осенний букет из шишек (просмотров: 6231, комментариев: 0) warwara
-
Дары осени. Подсолнух. (просмотров: 1696, комментариев: 0) Лариса Львова
-
Последняя Осенняя Рыбалка (просмотров: 2153, комментариев: 0) Анастасия Зотова
Поделка, изделие
Комментарии Вконтакте и Facebook